Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт қарқынының төмендегені анықталды - ҚР ҚМ

ҚР Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі Тараз горнизонында Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен әскери қызметшілерге, азаматтық персоналға және олардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету және оңалту тобын құрды.

Қорғаныс министрі ұшқышсыз ұшу аппараттары кешенімен жабдықталған бақылау бекетінен кеше өрт пен жарылыс болған инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы ахуалды бағалады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өрт қарқынының төмендегені анықталды, деп нақтылады ведомствадан.

Бұдан өзге, Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және Жамбыл облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккендер жеткізілген емдеу мекемелеріне барды. Ауруханаға жалпы 28 адам жатқызылған, олардың бәрі әскери бөлімнің әскери қызметшілері. Медициналық көмек көрсету үшін Тараз гарнизонының әскери госпиталі жұмылдырылды.

Сондай-ақ, лауазымды тұлғалар эвакуацияланған тұрғындарды орналастыру шарттарымен танысты. Барлық керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін қажетті тапсырмалар берілді.

Қорғаныс министрлігі Тараз горнизонында Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен әскери қызметшілерге, азаматтық персоналға және олардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету және оңалту тобын құрды.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінде және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында "Call-орталықтары" құрылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды