Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстан соң із-түссіз кеткен тағы бір әскери қызметкер жөнінде әзірге еш хабар жоқ, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Өртті өшіруге алғашқылардың бірі болып аттанып, хабар-ошарсыз кеткен әскери бөлімнің қызметкері Бауыржан Дәуітбаевтың тірі не өлі екені әлі белгісіз. Бес күннен бері ол туралы еш хабар жоқ. Ағайын-туысы оны іздестірудің барлық амалын жасап жатыр.
Әлфия Құрманбекова, Бауыржан Дәуітбаевтың туысы:
Көрші ауылда қайынағамның үйі құдайы тамақ беріп жатқан, сол үйде отырғанда сол үйдегі қайным пожарный еді, пожар боп жатыр деп кетті, кеткеннен кейін жарты сағаттан кейін біріншісі жарылды ғой.
Жаңыл Абдрасилова, Бауыржан Дәуітбаевтың көршісі:
Үш бала , бір қызы бар. Әйелі қазір аяғы ауыр. Сол күні баласына құдай тамақ беріп, есік алдына су шашып сөйтіп отырған бала еді. Содан бірден шақырды, тез-тез киінді де, мына жерде машинасына мінді де, кетіп қалған еді. Сол кезде қарап тұрғанмын мен. Содан кейін бала жоқ енді.