Ақтөбеде алты мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті

zakon.kz
Оқиға орнына дереу барлық жедел қызметтер мен саперлер тобы аттанды.

Ақтөбеде алты мектепке "бомба" қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 қыркүйекте сағат 08.30 шамасында Ақтөбедегі No2 орта мектептің электронды поштасына алты мектепке (No1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептерге) бомба қойылғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу барлық жедел қызметтер мен саперлер тобы аттанды.

Сондай-ақ, оқушыларды, мұғалімдер мен мектептердің техникалық қызметкерлерін эвакуациялау ұйымдастырылды.

Қазір жасырын хабарламалар авторын анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, "Терроризм актісі туралы қасақана жалған хабар беру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп нақтылады полициядағылар.

Айта кету керек, бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз