Алматы облысында төрт жігіт қыз зорлады деп күдіктелуде

zakon.kz
Кей мәліметтер бойынша, жәбірленуші небәрі 14 жаста.

Алматы облысында төрт жігіт қыз зорлады деп күдіктелуде. Олардың үшеуі Текелі қаласының тұрғыны, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.

Кей мәліметтер бойынша, жәбірленуші небәрі 14 жаста.

Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті анықталды. Олардың үшеуі 17 жаста, біреуі 18 жаста.

Полиция күдіктілердің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Жігіттер қыздың әкесінің өтінішінен кейін бірден қолға түсті.

Қазір тергеу жүргізілуде. Егер олардың қылмысы дәлелденсе, жас жігіттер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 120 бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы