Таразда полицияның ауыр жүк көлігінің ізіне түскен сәті видеоға түсіп қалған

Түркістан облыстық ПД
Жол ережесін бұзуші жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 5 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің екі көлігі жүк тиейтін ауыр көліктен жүргізушіні күштеп шығарып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияға 5 қыркүйекте Ерубаев көшесінде жүк тиейтін ауыр көліктің жол қозғалысы ережесін бұзуы, ал жүргізушінің өзі мас болуы мүмкін деген хабарлама келіп түсті. Ақпарат түскен бойда оқиға орнына Түркістан қалалық ПБ Жершілікті полиция қызметінің патрульдік полициясының автокөлік экипажы аттанды.

Жол қозғалысы ережесін бұзған көліктің тоқтауын сұрағанда жүргізуші заңды талаптарға бағынбай, қашып, жасырынуға тырысты. Тәртіп сақшылары кедергілер жасай отырып, қашып кетпек болған көлікті тоқтатты, содан кейін жүргізушіні көлік ішінен күшпен шығарды, - деп хабарлады Түркістан облыстық ПД.

Қылмыскер жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 5 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы (Маневр жасау ережелерін бұзу), 606-бабы (Апатты жағдай тудыру), 599-бабы (Бағдаршамның қызыл түсіне өту), 613-бабы (Заң талаптарына бағынбау) және 608-бап (Мас күйінде көлік жүргізу).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды