Ақтөбеде 1 қыркүйектен бері әлдекім мектептегілерді дүрліктіріп жүр

pixabay.com
1 және 2 қыркүйекте де Ақтөбедегі бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсіп, арнайы қызмет аяғынан тік тұрған. Бірақ бұл ақпарат расталмады.

Ақтөбедегі мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы тағы бір хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

6 қыркүйекте Ақтөбе облысы ПД электронды поштасына Тургенев көшесі, 75 үй мекен-жайындағы КазМЮУ мектеп-гимназиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық жедел қызметтер мен саперлер тобы оқиға орнына бірден аттанып, ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғына тексеру ұйымдастырылды. Жарылғыш заттар табылған жоқ, - деп хабарлады облыстық ПД.

Полиция аноним хабарламаның авторын анықтап, ұстауға бағытталған жедел шараларды қолға алды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, "Терроризм актісі туралы қасақана жалған ақпарат беру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

1 және 2 қыркүйекте де Ақтөбедегі бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсіп, арнайы қызмет аяғынан тік тұрған. Бірақ бұл ақпарат расталмады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс