Еуропадан жұмыс ұсынған алаяққа 100-ден астам қазақстандық алданып қалды

Әлеуметтік желі арқылы олар Норвегияда үштен 12 айға дейін жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратқан. Сондай ақ туристік визамен сағатына 10-нан 20 евро төлейтін жұмыс ұсынған.

Алаяқ шетелде табысы жоғары жұмыс табуға уәде беріп, жүзден астам адамды алдап соққан, деп хабарлайды zakon.kz.

Ел астанасындағы полицияға Норвегияда жұмыспен қамту қызметін ұсынып, азаматтардың қаражатын иемденіп алған "Ортокласс" компаниясының директорына қатысты 123 арыз түсті. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2019 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында еліміздің әртүрлі аймақтарында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Тараз) "Ортокласс" деген ортақ атаудағы кәсіпорын құрылып, олар Еуропадан жұмыс тауып беруді уәде еткен, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желі арқылы олар Норвегияда үштен 12 айға дейін жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратқан. Сондай ақ туристік визамен сағатына 10-нан 20 евро төлейтін жұмыс ұсынған.

Күдіктіге халықаралық іздеуде салынды. 2020 жылдың 2 шілдесінде ол Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасына алдыртылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның кінәсі дәлелденіп, полицейлер істің заңды шешімін тексеру үшін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының прокуратурасына жіберді, - дейді полицидағылар.

Прокуратура қылмыстық істі қарап шықты. Енді іс Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл ауданының No2 сотына жолданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: