Алматыда бас дәрігер ірі көлемде айыппұл арқалады

zakon.kz
Айыппұл көлемі - 27 млн 300 мың теңге.

Бостандық аудандық №2 соты соттаған перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері мемлекет кірісіне айыппұл төледі. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың маусымында Алматы қаласы Бостандық ауданының No2 аудандық соты Алматы қаласының перинаталдық орталығының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты пара алды деген айыппен қылмыстық істі қарады (366-бап, 3-бөлім, 4-тармақ). Сот талқысы кезінде сотталушы кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкінетін білдірді, сонымен қатар процессуалдық келісімге келді, ол бойынша алты ай ішінде айыпталушы 35 еселенген көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сонымен қатар, сот үкімімен ол мемлекеттік қызметте, жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде және оның департаменттерінде, реттеу, бақылау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қадағалау органында жұмыс істеу құқығынан айырылды, - делінген хабарламада.

Белгіленген сомада қазіргі уақытта ол айыппұлды толық төледі, яғни 27 миллион 300 мың теңгені.

Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін