Алматыда жол апаты орын алып, Toyota Camry аударылып қалды

zakon.kz
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің жолаушысы жарақат алды. Ол ауруханаға жатқызылды.

Алматыда жол апаты салдарынан Toyota Camry көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Наурызбай батыр көшесінде Мәметова мен Мақатаев көшелерінің аралығында көлік апатқа ұшырады. Toyota Camry көлігі оңтүстікке қарай бет алып келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, алдынан бір көлік кесіп өткен, ол онымен соқтығыспас үшін рөлді бұрып, жолдың шетінде тұрған Volkswagen Polo автокөлігімен соқтығысқан. Toyota Camry оның артқы дөңгелегіне қатты соғылып, бір бүйіріне қарай аударылады, содан кейін, мүлде төңкеріліп қалады. Жол шетінде тұрған Volkswagen, өз кезегінде, күшті соққыдан алдында тұрған Toyota Gracia-ны түйеді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің жолаушысы жарақат алды. Ол ауруханаға жатқызылды.

Жол полициясы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Апаттың барлық мән -жайы анықталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды