Украина президентінің бірінші көмекшісі Сергей Шефирге Киев облысының Лесники ауылының маңында қастандық жасалды, деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.
Қаскөйлер Шефирдің көлігіне оннан аса оқ жаудырған. Жүргізуші жарақат алды, деп хабарлады Украинаның ұлттық полициясы.
Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Strana.ua басылымының жазуынша, Шефирдің өзі жарақат алмаған.
Сергей Шефир 2019 жылдың мамырынан бастап Украина президентінің бірінші көмекшісі қызметін атқарады. Ол Зеленскиймен бірге "Студия Квартал-95" фирмасының негізін қалады. Украина басшысы қазір АҚШ-та БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясына қатысуда.