Шымкентте әткеншекке мінген ер адам қайтыс болды

instagram /kial_alemi.13
Саябақ қазір жабық, құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Шымкентте 22 қыркүйекте кешкі сағат тоғыз шамасында "Қиял әлемі" технопаркінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

50 жастағы ер адам "Балға" аттракционына мінген кезінде өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен дәрігерлер ер адамды құтқарып қала алмады. Өлімнің себебі - инфаркт, деп хабарлайды otyrar.kz.

Куәгерлердің айтуынша, технопарк қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсете алмаған, оларда алғашқы медициналық көмектен дағдысы болмаған.
⠀
Саябақ қазір жабық, құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.


⠀
Бұл "Қиял әлемі" технопаркінде орын алған алғашқы қайғылы оқиға емес. Осы жылдың мамыр айында 17 жастағы жасөспірім оқыс оқиғадан қаза тапқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, ол ойын-сауық саябағында штаттан тыс жұмыс істеген. Жас жігіт аттракционның металл конструкцияларына көтерілгенде, құлап түскен. Жас жігіт жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін