Ақтауда тұрғын үй кешендерінің бірінде кісі толы жеделсаты шахтаға құлап кетті

Тұрғындардың айтуынша, құрылыс компаниясы мұндай проблемадан хабардар, бірақ ешқандай шара қолданбайды.

"Ақтау Плаза" тұрғын үй кешені тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйекте, сағат 19:30 шамасында бірінші қабаттағы кісі толы жеделсаты шахтаға құлаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Адамдар апатты жеделсатыдан шығу үшін бір-біріне көмектескен, деп жазады Лада газеті.

Емшекте баласы бар жас келіншектер болды. Төтенше жағдайдан есеңгіреп қалды. Не деген бассыздық? Бұл біздің үйде бірінші рет болып тұрған жағдай емес, - деп шағымданды үй тұрғындары.

Олардың айтуынша, құрылыс компаниясы мұндай проблемадан хабардар, бірақ ешқандай шара қолданбайды.

Сондай-ақ, тұрғындар атап өткендей, үйдің жартысына бір жыл бұрын адамдар көшіп, кіріп алған, бірақ әлі күнге дейін олардың бірінің қолында пәтерлеріне қатысты ешқандай құжат берілмеген. Үй газға әлі қосылмаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: