Таңертең Алматы тұрғындары будақтаған қара түтінді көріп, шошып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Өрттің видеосы Instagram-дағы парақшаларда жарияланды.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 4 қазанда сағат 06: 44-те өрт сөндіру топтары Бостандық ауданы, "Алмагүл" ықшамауданындағы Дружба қилысында орналасқан No38 үй мекен-жайына аттанды.
Алғашқы өрт сөндіру бригадалары келгеннен кейін (жеті минуттан кейін) жеке тұрғын үйдің бірінші қабаты өртеніп, жалын мансардқа қарай ойысып жатқанын анықтады. Жақын маңдағы көрші үйлерге қызыл жалынның таралу қаупі болды. Өрттің тез таралуына үй сыртындағы ағаш қаптама мен тез жанғыш оқшаулағыш әсер етті. Газ бен түтіннен қорғау қызметінің үш звеносы үй ішінде адамдардың бар-жоғын дереу тексеруге кірісті, көрші үйлерді қорғауға және өртті сөндіруге оқпандар берілді, шатырды сөндіру үшін өрт баспалдағы жайылды, - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент өрттің 07:38-де оқшауланып, сағат 08:00-де толықтай жойылғанын жеткізді.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге тоғыз техника мен 30-дан астам жеке құраманың мамандары жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер көрші үйлер мен ғимараттарды оттан сақтап, осы бағытқа да жұмыс атқарылды, - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.