ШҚО-да Subaru көлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған

Ағаш, соғылу, ШҚО, Өскемен, Subaru Forester, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2026 19:45 Сурет: pixabay
Өскеменде Subaru Forester көлігі жол апатына ұшырады. Ол жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Салдарынан екі жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты өткен демалыс күндері Жұмысшы көшесінде болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Subaru Forester көлігін тізгіндеген әйел адам рөлге ие бола алмай қалған, деп жазады YK-news.kz 2026 жылғы 27 қазанда.

"Жүргізуші қозғалыс жылдамдығын асырып, ақыры рөлге ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді", - дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда Құлжа тас жолы бойындағы екі көлік жүргізушісінің жанжалы туралы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: