СҚО-да 20 тонна ет тиеген жүк көлігі жолдан шығып кетіп, омбы қарға құлаған

Көкшетау — Рузаевка тас жолының 111-шақырымында Астана қаласынан 20 тонна ет алып шыққан Mercedes үлкен жүк көлігі жолдан шығып кетіп, омбы қарға құлаған. Жолда қалған шетелдік жүргізушіге СҚО полицейлері көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі 18 ақпанда жол оқиғасына тап болған көлік тізгінінде 55 жастағы Грузия азаматы болғанын, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін нақтылайды.
"Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен учаскелік инспектор өтініші бойынша Айыртау ауданындағы ЖШС-лардың бірі оқиға орнына ауыр техника мен жұмысшыларды жіберді. Олар фураны тіктеп, жол үстіне шығарды. Тәртіп сақшылары соңына дейін сол жерде болып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жүргізуші қиын жағдайда көмектескендерге шын жүректен алғысын айтты", делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер жолдардың қиын учаскелерінде жылдамдықты төмендетіп, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау керектігін ескертеді.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болатынын айтқанын еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз