Ақмола облысында 17 тонна саңырауқұлақ тиеген жүк көлігі аударылып қалды

Ақмола облысында 17 тонна саңырауқұлақ тиеген жүк көлігі аударылып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 19:35 Сурет: Ақмола облысы полиция департаменті
2026 жылғы 18 маусымда сағат 03:30 шамасында Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 327-шақырымында 17 тонна саңырауқұлақ тиеген ауыр жүк көлігі жолдан шығып, аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 17 тонна саңырауқұлақ тасымалдайтын Mercedes-Benz маркалы жүк көлігінің жүргізушісі көлік құралына ие бола алмай, нәтижесінде көлік жыраға түсіп, аударылған.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері келіп, бірінші кезекте жүргізушінің жағдайын сұрап, одан кейін апат болған учаскеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады.

"Жүргізушінің түсініктемесі бойынша, жүк Ресей Федерациясынан Қостанай арқылы Астанаға жеткізілуге тиіс. Ер адам жолда демалмағанын және көлік жүргізіп ұйықтап кеткенін мойындады. Абырой болғанда апат кезінде көлікте тек өзі ғана болды. Жүк көлігінің қатты механикалық зақымдануына қарамастан, жүргізуші зардап шекпеген. Полицейлердің айтуынша, ауыр зардаптардан аман қалуы қауіпсіздік белдігін тағуы көмектескен", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта патрульдік полицейлер оқиға орнында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастырып, жол жағдайын бақылап, жүк көлігін эвакуациялау жұмыстары аяқталғанға дейін көліктің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатыр.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: