Алматы облысында жеңіл көлік бар жылдамдығымен ағашқа соғылып, үш адам қаза тапты

Полиция, жол апаты, Алматы облысы, Алматы-Жетіген, тас жолы, үш адам, қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2025 17:47 Сурет: polisia.kz
Алматы облысында жүргізуші рөлге ие болмай, жолдан ұшып кетіп, бар жылдамдығымен ағашқа соғылған. Салдарынан көліктегі үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 21 наурызда Алматы-Жетіген тас жолының 29 шақырымында болған.

"Toyota Camry көлігінің жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда",- деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, сондай-ақ жолдарда шалт маневр жасаудан аулақ болу қажеттігін еске салады.

Бұған дейін 2025 жылдың 18 наурызында  Алматыда 16 жастағы мопедші жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: