Өскеменде көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

Өскеменде көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2024 10:10 Сурет: pixabay
Өскеменде көлік ағашқа соғылып, салдарынан бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Zakon.kz astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты қаладағы Бажов көшесінде болған.

Subaru маркалі автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. Көлік ішінде отырған жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: