Абай облысында екі көлік соғылып, бір жүргізуші қайтыс болды

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 22:40 Сурет: polisia.kz
Абай облысында екі көлік соғылып, бір жүргізуші қайтыс болды, тағы екі бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бородулиха ауданындағы Семей – РФ трассасының 37-шақырымында Daewoo Espero автокөлігін мінген 24 жастағы жүргізуші 26 жастағы азамат тізгіндеген Toyota camry көлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota camry көлігіндегі тұрғын сол жерде қайтыс болды. Оның екі баласы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне ("Адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: