Абай облысында полициядан қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды

Абай облысында полициядан қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 20:44 Сурет: polisia.kz
Абай облысында тағы бір мас жүргізуші тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бесқарағай ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік атқарған полиция қызметкерлері Әуезов көшесінің бойында ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 27 жастағы жүргізушіні тоқтатуға әрекет жасаған.

Алайда жүргізуші полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, көлікпен қашып кетпек болған. Осылайша ол тәртіп талабын бұзып қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірген.

Көп ұзамай жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

"Заң бұзушылықтың салдары да қатаң болды. Сот шешімімен азамат 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – деп хабарлады полиция.

Ал автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: