Таиландта жол апатынан 8 адам қаза тапты

Пустая палата, больница, лечение, медицинские приборы , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2025 14:08 Фото: primeminister.kz
Таиландта автобус ағашқа соғылып, салдарынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Khaosod газетінің ақпаратынша, апат Сураттани провинциясында жергілікті уақыт бойынша 19:30-да (Астана уақыты бойынша 17:30-да) болды. Көліктің ішінде 30 жолаушы болған.

Таиланд жол-көлік оқиғаларының алдын алу басқармасының мәліметінше, елдегі автожолдарда жаңажылдық мерекенің бес күнінде қаза тапқандардың саны 215-ке дейін жетті, 1,3 мыңнан астам адам жарақат алды.

Бұған дейін Нью-Йоркте түнгі клубтағы атыс кезінде 11 адам жарақат алғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: