Нью-Йоркте түнгі клубтағы атыс кезінде 11 адам жарақаттанды

Нью-Йорктегі Квинс аймағындағы атыс салдарынан кем дегенде 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNBC дерегінше, оқиға теміржол вокзалының жанында орналасқан түнгі клубта болған.
Жарақат алған үш адам жергілікті ауруханаға медициналық көмекке жүгінді.
"Квинстегі түнгі клубта атыс кезінде кем дегенде 11 адам жарақат алды", – делінген телеарнаның ақпаратында.
Оқиға орнына бірнеше полиция бөлімшелері келді. Әзірге екі адам атыс ұйымдастырды деп күдіктелуде. Қаскөйлер ізін суытып үлгерген.
Бұған дейін Лас-Вегаста жарылыс болғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript