Ақтөбе облысында жан түршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Ақтөбе облысы, жол-көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 15:15 Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысы аумағындағы Самара – Шымкент автожолында жол-көлік апаты болып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 1 тамыз шамамен сағат 11:00-де Самара – Шымкент автожолының 765 шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысты.

"Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.


Ведомство апаттың себебі мен мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. Әзірге жәбірленушінің жағдайы туралы ақпарат жоқ. Жүк көлігінің жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, ауыр жарақат алмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: