Ақтөбе облысында жол апатынан үш жасар бала көз жұмды

Ақтөбе облысы, көлік апаты, бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 14:18 Сурет: Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
8 желтоқсанда Ақтөбе облысындағы Самара – Шымкент тас жолында көлік апаты болып, салдарынан үш жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі Хромтаудан Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылына қарай кетіп бара жатқан.

"Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік шұңқырға аударылып кеткен. Ол Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді, ал 3 жасар бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды". Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Баспасөз қызметі сот-медициналық және автотехника сараптамалары тағайындалғанын атап өтті.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны мәлім болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: