Қазақстанда иттерді төбелестіруге тыйым салынады

pixabay.com
Мұндай норма "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасында қарастырылған.

Қазақстанда иттерді төбелестіруге тыйым салынады. Мұндай норма "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Заң жобасында біз иттерді төбелестіруге толық тыйым салатын норманы қарастырдық. Бірақ аңшылық мақсатта қолданылатын иттерге келетін болсақ, бұл сала "Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" заңмен реттелетін болады. Аңшылық иттердің жауынгерлік қасиеттерін жоғалтпасы және аңшылық қабілетін ұштауы үшін арнайы алаңдар пайдаланылатын болады. Мұның бәрі реттеледі, - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Мәжілісте.

Айта кетсек, 2020 жылы Жаңаөзен қаласының тұрғыны иттердің жойқын төбелесін ұйымдастырды. Бұл үшін ер адам әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды