Алматы тауларында өрт шықты: ТЖД оқиғаның мән-жайын хабарлады

Степной пожар, степные пожары, пожар в степи, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 15:00 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 5 қарашада Алматы қаласының Медеу ауданындағы "Зеленстрой" бау-бақша серіктестігінің аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады. Видеодан тау бөктеріндегі ғимараттың үстінен қою қара түтін көтерілгенін көруге болады.

Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, өрт салынып жатқан екі қабатты ғимараттың екінші қабаты мен шатырына тараған.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 13:28-де толық сөндірілді.

Бұған дейін, 3 қарашада әл-Фараби даңғылы бойындағы элиталық тұрғын үй кешендерінің маңында жеке тұрғын үйден өрт шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: