Таңға жуық коньяк алуға шыққан жігітті көлік қағып кетті

zakon.kz
Жас жігіт екі жаяу жүргіншілер өткелінің арасындағы өтуге болмайтын жерден жолды кесіп өтпек болған.

Алматыда таңғы сағат төрт шамасында Mercedes автокөлігінің жүргізушісі ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Автокөлік Ташкент трассасымен батыс бағытта келе жатқан.

Жүргізушінің айтуынша, ол ортадағы жолақпен шамамен 80 км/сағ жылдамдықпен жүрген, ер адам "Апорт" сауда орталығының тұсында жолға жүгіріп шығыпты. Жүргізуші тежегішті басып, көлігін бұруға тырысқанымен, анау де жүгіруін тоқтатпай, көлік ақыры жүгіргішті соғып жіберді.

Жаяу жүргінші ондаған метрге ұшып түсті. Mercedes шетке ығысып, дөңгелегімен жиектасқа соғылды.

Алған жарақаттарының салдарынан ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ, жүргізуші жаяу жүргіншінің қолына бөтелке болғанын айтты. Кейінірек жолда басқа көліктер басып кеткен коньяк бөтелкесі табылды.

Жол полициясы қызметкерлері мен тергеушілер ЖКО-ға қатысты тергеу жүргізуде.

Қайтыс болған адамның жасы мен жеке басы анықталды. Жас жігіт екі жаяу жүргіншілер өткелінің арасындағы өтуге болмайтын жерден жолды кесіп өтпек болған.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды