Кісі өліміне әкеп соққан Ксения Собчакпен болған жол апатының видеосы тарады

instagram.com / xenia_sobchak
Видео RT Telegram каналында жарияланды.

Желіде Сочи аймағында Ксения Собчакпен болған және қайғылы оқиғамен аяқталған жол-көлік оқиғасының видеосы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео RT Telegram каналында жарияланды.

Озбақ болған Мерседес автобустың алдыңғы және артқы камераларына түсіп қалған. Автобус жиектемеге соғылған, жолаушылардан ешкім зардап шекпеген, терезелері сынған, - делінген хабарламада.

9 қазанда Ксения Собчак Адлерден Красная полянаға барар жолда жол апатына тап болып, жол апатынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болған. Собчак көліктің жолаушылар орындығында отырған, Mercedes S 500 автокөлігі автобустан озбақ болғанда қарсы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen-мен соқтығысқан. Екінші көлікте үш адам болған: біреуі оқиға орнында қаза тапты, екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

БАҚ-тың хабарлауынша, автобусты басып озғысы келген Мерседес жүргізушісі кінәсін толық мойындады, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Апаттан кейін желі қолданушылары журналисті зардап шеккендерге жанашырлық танытпады деп жазғырды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды