Алматы облысында жүк көлігі ер адамды қағып кетті

polisia.kz
Алматы қаласының 59 жастағы тұрғыны Wuling автокөлігімен Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен батыс бағытта келе жатқан.

Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушісі ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

13 қазан күні сағат 16:45 шамасында Алматы қаласының 59 жастағы тұрғыны Wuling автокөлігімен Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен батыс бағытта келе жатқан.

Гүлдала ауылына кіре берісте көлікті басқара алмай қалып, бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда жүріп кетіп, жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның жеке басы анықталды, деп жазылған ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсында жарияланған хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі "Автомобильді басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзуы" бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды