Түркістан облысында жоғалған бала арықта ұйықтап қалған жерінен табылды

ТО ПД баспасөз қызметі
Баланың өзі мен ата-анасына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Түнгі сағат 23:30 шамасында Сайрам аудандық ПБ-ға баласын таппай қалған әйел хабарласып, көмек сұрады, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғынның айтуынша, оның 9 жасар ұлы күндізгі уақытта ойнауға кетіп, күн қарайғанша келмеген. Болмағасын өзі бірнеше сағат іздеген. Алайда өздігінен іздеуден нәтиже шықпағаннан кейін әйел, полицейлердің тауып беретініне сенім білдіреді.

Оқиға кәмелет жасына толмаған баланың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, ювеналды полиция тобы мен учаскелік инспекторлар шұғыл іске кіріседі. Жеткіншектің баруы мүмкін жерлер, жақын аумақтар мұқият тексеріледі. 1 сағатқа созылған іздестіру жұмыстары нәтижесінде, жоғалған бала табылады. Нақтырақ айтсақ, учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Нұржан Думбаев, балақайды үйінен 3 көше ары орналасқан арықта ұйықтап жатқан жерінен тауып, отбасына қайтарады. Баланың өзі мен ата-анасына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Өз кезегінде қуанышын жасыра алмаған ана, тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын жеткізеді. Баласын аман-есен тауып, үйіне қайтарған полицейлердің жұмысына жеміс тіледі.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға, ұл-қыздарын қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеді. Балаңыздың қайда, кімге баратынын қадағалауға кеңес береді. Жалпы, жақыныңды жоғалтқаннан ауыр ештеңе жоқ. Сондықтан, бір-бірімізден алыстамай, қамқор болып жүрейік!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай