Қызметкерін ұрып, камераға түскен "боксшы-бастық" қызметінен босатылды

Камера түспегенде әлі неше жыл бойы қанша бағынышты қызметкердің қанын ішуі мүмкін еді?

Көліктегі полиция департаменті Нұр-Сұлтан әуежайында полицияның желілік бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен болған, әрі телеграм-каналда жарияланған видео бойынша қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің бұйрығымен Желілік полиция бөлімінің бастығы, сондай-ақ оның Кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды. Тәртіптік сипаттағы шаралар көліктегі ПД басшылық буынының қызметкерлеріне қатысты да қабылданды.
Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Көліктегі полиция департаментінің басшылығы бұл жағдайды өрескел деп санайды және қызметтік тәртіпті бұзған басшылар мен қызметкерлерден қатарларын тазарту принципін ұстанады.

Бұған дейін Instagram-да Нұр-Сұлтан әуежайының ЖПБ бастығы Мақсат Әбікеннің (қызыл свитердегі ер адам) қызметкерлерді ұрып-соққан видеосы жарияланған болатын. Белгісіз дереккөздің хабарлауынша, елордалық әуежайдың ЖПБ бастығы қызметкерлерді қорқытып, үнемі қорлайды және жұмыстан шығарамын деп қорқытады.

Бақытжан Отарбаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: