Кешкі ас әзірлемеген әйел күйеуінен оңбай таяқ жеді

pixabay.com
Полицейлер отбасылық жанжалға қатысты ҚР ӘҚБК 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Павлодар облысында әйелін шырылдатып сабап жатқан еркектің көршілері полицияға қоңырау шалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, отбасылық жанжал 22 қазан күні сағат түнгі 01:30 шамасында орын алған, полицияға көршілері жанұшыра хабарласқан.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйдің тұрғыны қабырғалас көршісінде қиын жағдай орын алып, күйеуі әйелін ұрып жатқанын хабарлаған.

Бірнеше минуттан кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына жетті. Отбасылық жанжал болғаны анықталды. Ер адам тәртіп сақшыларына жұмыстан шаршап келгенде әйелі кешкі ас дайындап қоймағанын, өз назарылығын білдіргенде әйелі айқайға басып, балағат сөздер айтқанын айтты. Сондықтан сөзі өтпеген жұбайының жақсылап сазайын беруді шешіпті, - деді департаменттегілер.

Полицейлер отбасылық жанжалға қатысты ҚР ӘҚБК 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетелік, 2021 жылы Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 3281 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін