Бомба туралы хабарлаған "қалжыңбас" 5 жылға сотталуы мүмкін

Pixabay
Полиция қызметкерлері Қобда ауданының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ақтөбе облысының тұрғыны бомба туралы жалған хабар бергені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық Полиция басқармасының хабарлауынша, 23 қазан күні сағат 22:24-те Ақтөбе Полиция басқармасы жедел басқару орталығының "102" телефонына бір ер адам қоңырау шалып, дәмханаға бомба қойғанын хабарлаған.

Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты, кафе ғимаратын жарылғыш құрылғыларға тексеру ұйымдастырылды. 87 адам (кафеге келушілер мен қызметкерлер) эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.
Ақтөбе облысы ПБ баспасөз қызметі

Терроризм актісі туралы жалған хабарлау күдігі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында патрульдік полиция қызметкерлері Қобда ауданының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.
Ақтөбе облысы ПБ баспасөз қызметі

Осы бап бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?