Отыздағы жігіт 22 жастағы қыз үшін терроризм жасады

Zakon.kz
пойызды жарып жібере жаздады

Ер адам бірге тұратын сүйіктісімен болған жанжалға байланысты пойызды миналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

716.kz жазғандай, 5 қарашада Ақмола облысының Есіл ауданындағы Есіл станциясына сағат 00:33-те Алматы-Қостанай бағытындағы №43 жолаушылар пойызы (19 жолаушылар вагоны және бір пошта вагоны) келді.

Оның алдында "102" пультіне пойызға мина қойылғаны туралы қоңырау түскен. Телефон нөмірі бірден анықталды. Есіл станциясының перроны мен вокзалынан адамдар дереу эвакуацияланды, – делінген хабарламада.

Үш жолаушылар вагоны тексерілді: 10,11,12.

Ерекше назар аударумен 1999 жылы туған, Қостанайға бет алған әйелдің орны қаралды. Сондай-ақ жолаушылар құрамының қалған вагондары тексерілді, күдікті заттар табылған жоқ, - делінген хабарламада.

Әйелден жауап алынды. Оның сөзінше, пойызға мина қойылғаны туралы қоңырауды оның бұрынғы жігіті, 1991 жылы туған тұрғын жасады. Ол жігіті жазған хатты көрсетті, онда жігіт 4 қарашада сағат 23:07-де әйел мен 2020 жылы туған ұлы мінген пойызды тоқтататынын жазыпты.

Пойыз қозғалысы 5 қарашада сағат 01:40-та жалғасты.

Zakon.kz редакциясы Көліктегі полиция департаментінен түсініктеме сұрады.

Аталған факті ҚР ҚК 273-бабы ("Терроризм актісі туралы жалған хабарлау") бойынша Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасының СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деді Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс