Ақмола облысында газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, ер адам көз жұмды

Ақмола облыстық ТЖД
Оқыс оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

73 жастағы үй иесі құдықтың бетін ашты. Осы кезде тарыс еткен дыбыс шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы жылдың 7 қарашасында сағат 11:53-те Целиноград ауданы, Қызылсуат ауылында автономды газбен жылытылатын жеке тұрғын үйдің аумағында газ цистернасының құдығын ашу кезінде жарылыс болып, 1948 жылғы үйдің иесі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл жетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз