60 жастағы ер адам сүйген келіншегін өртеп жібермекші болды

pixabay.com
Екібастұздық алпыстағы ер адам сүйіктісінің енді қайтып оралмайтынына көзі жеткенде жантүршігерлік әрекетке баруға бел буған.

Екібастұзда өзімен бірге жарты жыл тұрып, одан кейін өз таңдауынан айныған келіншекті ер адам өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға әйел бұрын танысы болған ер адамға қатысты шара қолдануды өтініп арызданған. Оның айтуынша, әйел танысымен алты ай бірге тұрған, бірақ одан соң екеуі екі жаққа кетіскен, бірақ 61 жастағы ер адам оның артынан қалмай, қудалай бастаған.

Жұмысымның маңынан күтіп алып, өлтіремін деп қорқытып, өзіне қайтарғысы келді, - дейді әйел.

Екібастұздық алпыстағы ер адам сүйіктісінің енді қайтып оралмайтынына көзі жеткенде жантүршігерлік әрекетке баруға бел буған.

2 қазан күні сағат 17:30 шамасында ер адам 52 жастағы қалалық әйелдің ауласына келіп, оған және өзінің үстіне бензин құйып, одан соң шырпысын алып шығып, өртеп жіберетінін айтып қорқытқан. Әйел қашып құтылып, оқыс жайттан туыстарын хабардар етіп үлгерді, деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнің 115-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді