ШҚО-да жасөсіпірім сатушыны 100 мың теңгеге алдап-соққан

Zakon.kz
Ол бірнеше ай бойына дүкеннен азық-түлік сатып алып, ақшасын мобильді қосымша арқылы төлеп келген.

ШҚО-да 17 жастағы колледж студенті дүкеннен азық-түлік сатып алып, ұзақ уақыт бойы ақшасын мобильді қосымша арқылы төлеп келген. Алайда ақша шотқа түспеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қараша айының басында Аягөз аудандық полиция бөліміне дүкен иесінен арыз түсті. Ол бір жігіт шілдеден қарашаға дейін дүкеннен азық-түлік сатып алып, ақшасын мобильді қосымша арқылы төлеп келгенін айтты. Бірақ ақша әлі күнге дейін шотқа түспеген. Әйелдің айтуынша, келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері колледждің 17 жастағы студентін ұстады. ҚР ҚК-нің 190-бабы, 1-бөлігі, "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл баптың санкциясына сәйкес, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлады полициядағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді