Ақтауда жүргізуші қыз жол шетінде тұрған бірнеше көлікті жапырды

видеодан алынды
Mitsubishi Pajero көлігінің тізгінінде болған қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген.

Ақтауда аударылған көлік жол шетінде тұрған бірнеше көлікті жапырды. Mitsubishi Pajero көлігінің тізгінінде болған қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау полиция басқармасы 2021 жылғы 16 қарашада сағат 12:15-те "102" шұғыл желісіне 17ші ықшам ауданда бірнеше автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы қоңырау келіп түскенін хабарлады. Оқиға орнына "Сұңқар-5" патрульдік полиция батальонының экипажы аттанды. Полицейлер анықтағандай, Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі Lexus, Toyota Camry, Opel Vectra және Hyundai Sonata сияқты бірнеше көлікті соққан.

Көлікте тек жүргізуші қыз болған. Бойжеткеннің айтуынша, ол кенеттен өзін жайсыз сезініп, рөлге ие бола алмай қалған. Оқиға салдарынан жүргізуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіліп, дәрігердің қарауынан кейін үйіне босатылды, - деп хабарлады полициядағылар.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жолда әртүрлі жағдайлар орын алады, соның ішінде жүргізуші көлік жүргізу кезінде кенеттен өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Құрметті жүргізушілер, егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, ешқашан көлік рөліне отырмаңыз! Бұл өз өміріңізге ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың басқасының да өміріне қауіп төндіреді. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық танытыңыз, - деп атап өтті полициядағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды