Нұр-Сұлтанда есірткі сататын топтың ұсталған сәті жарияланды

Zakon.kz
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтанда полицейлер есірткінің ірі партиясын өткізу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Тұрғылықты жері бойынша бұрын бірнеше рет сотталған 38 жастағы ер адам ұсталды. Қызметтік-іздестіру иттерімен үйді тінту барысында бірнеше жерден салмағы 500 грамм гашиш пен марихуана есірткі құралдары бар полиэтилен пакеттер табылды, деп хабарлады Нұр-сұлтан ПБ баспасөз қызметі.

Оның есірткі заттарын қала аумағында сатқаны анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген гашиш есірткісінің салмағы 318,7 грамм және салмағы 122,58 грамм марихуана болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азамат УҰИ-ға қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткі құралдарын жеткізу арнасы анықталуда.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі