"Ұшаққа мина қойылды" – Air Astana түсініктеме берді

pixabay.com
Барлық материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Air Astana-ның әуе рейсінде жарылыс қаупі туындағаны туралы мәлімет тараған болатын. "Ықтимал жарылыс" туралы Air Astana толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қарашада сағат 20:45-те Air Astana әуекомпаниясына басқа мемлекеттің аспаны арқылы ұшатын авиамаршрутта қауіп төнгені туралы хабарлама келіп түсті. Анонимді хабарламада авиакомпанияның атауы да, рейс нөмірі, күні немесе уақыты да көрсетілмеген, - деді компания.

Авиакомпания дереу қауіпсіздік шараларын күшейтіп, өзінің барлық рейстерінің келуі мен ұшуы бойынша қосымша тексеру жүргізді.

Қауіп туралы ақпарат расталмады. Барлық материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді