Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті

Сурет: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Зардап шеккен 10 адамның екеуі - кәмелетке толмаған балалар

Ақмола облысында тас жолда орын алған жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті, оның екеуі бала, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті нақтылағандай, жол апаты 6 желтоқсанда Аршалы ауданын басып өтетін Екатеринбург – Алматы автожолының 1318 шақырымында (Шөптікөл станциясының жанында) болған.

Апат туралы хабарлама Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне сағат 17:05-те келіп түсті.

Toyota Highlander маркалы автокөлігінің жүргізушісі (Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны) рөлге ие бола алмай, алдындағы тізгінінде 44 жастағы елордалық болған Kia Rio және 41 жастағы тағы бір елордалықтың басқаруындағы Toyota RAV4 көліктеріне соқтығысқаны анықталды. Жаппай жол апаты салдарынан Аршалыдағы орталық аудандық ауруханасына үш автокөліктің жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде 2005 жылғы және 2021 жылғы кәмелетке толмаған екі бала жеткізілді. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі, "Көлік құралдарын басқарушы адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сурет: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Сурет: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Сурет: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты