Алматыда төтенше жағдай кесірінен сірескен кептеліс орын алды

Жылу желісінде орын алған апаттан қаланың бірнеше көшесінде кептеліс орын алды. Рысқұлов даңғылымен екі бағытта да жүру мүмкін болмады. Сейфуллин даңғылындағы жағдай да оңбады

7 желтоқсанда Алматыда таңғы тоғыздар шамасында Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында жылу құбыры қарс айрылып, аспанға ыстық су атқылады. Адамдар өміріне қауіп төнгендіктен, жолдар жабылды. Коммуналдық мекеме өкілдері тек 12 сағат дегенде, әупірімдеп жүріп, ақауды қалпына келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңғы тоғыздар шамасында Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылып, көкпен таласқан ыстық субұрқақ пайда болды. Қою будан көрініс нашарлап, жол-көлік қатынасы қиындады.   Адам өміріне қауіп төнгендіктен полицейлер  көшені жауып тастады, делінеді "Еуразия" бірінші арнасының арнайы сюжетінде. 

Жабық болса не істеймін, басқа жол ма, ол жаққа сыймаймын, машинам ұзын. Қай жаққа барамын. Жүргізуші Балғымбай Жақыпов
Шамамен екі сағат болды тұрғаныма. Шеберханадан көлігімді алуға бара жатыр едім. Құбыр жарылып жатса, қайтеміз? Одан ешкім сақтандырылмаған. Жүргізуші Владимир Дубовик

Осылай сірескен кептеліске қадалған көліктегілер бүгін жұмысынан да қалды, жүйкелері де әбден сыр берді.

Коммуналдық мекеме өкілдері апаттың жылу желілерінің тозығы жетуімен байланыстырады. Өйткені қаладағы  құбырлардың 62 пайызы әбден ескірген.  Алайда  жылыту маусымына дайындық ойдағыдай болған. Сала мамандарының жедел әрекетінің нәтижесінде апат кезінде ешкім зардап шекпеді.

Аталған құбыр қысымға шыдас бермей жарылып кеткен. Тұтынушылар 30 минуттың ішінде өзге магистральдарға қосылды. Нәтижесінде ыстық су мен жылу беру тоқтатылған жоқ. Мұндай апаттардың алдын алу үшін жылу желілілерінің кем дегенде 40 пайызын жаңарту қажет. Қазіргі таңда ондай мүмкіншілік жоқ. Алматы жылу желілері мекемесінің баспасөз хатшысы Наталья Инкина

Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сағаттап жолда тұрған жүргізушілердің жүйкесі, әрине сыр берді. Иә, жылу желісінде орын алған апаттан қаланың бірнеше көшесінде кептеліс орын алды. Рысқұлов даңғылымен екі бағытта да жүру мүмкін болмады. Сейфуллин даңғылындағы жағдай да оңбады. Жылу желілері мекемесінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары түнгі сағат 22.00-ге дейін жалғасқан.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: