Әлем бойынша түрмеге қамалған журналистер саны рекорд жаңартты

Сурет: pixabay
"Шекарасыз репортерлар" ұйымының дерегі бойынша, 2021 жылы қызмет бабы бойынша түрмеге тоғытылған журналистердің саны 488-ге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық көрсеткіш. Сөз бостандығын табанды қорғап, түрлі шабуылдау мен қудалауларға ұшыраған журналистер арасында 60 әйел бар.

Ең алаңдатарлық жағдай Қытай, Мьянма және Беларусьте тіркелді, бұл елдерде 212 БАҚ қызметкері темір тордың ар жағында отыр. Вьетнам және Сауд Арабиясымен қоса алғанда, осы бес ел дүниежүзіндегі тұтқындаулардың 59%-ын құрайды. Атап айтқанда, Беларусьте 32 журналист түрмеге қамалған.

Кәсіби қызметі үшін түрмеге жабылған журналистердің саны 2020 жылы бүкіл әлемде жаңа рекорд жаңғыртты. Өйткені әлем елдері басшылары COVID-19 туралы ақпаратты хабарлау үшін қатаң шаралар қабылдады және саяси толқулар туралы репортаждарды тоқтатуға тырысты. Авторитарлық мемлекеттер бұл тұста АҚШ-тан үлгі алды. Журналистерді қорғау комитетінің өкілі Элана Бейзер

Журналистерді қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың желтоқсан айындағы жағдайға сәйкес әлемде 293 журналист түрмеде отыр, оның ішінде біреуі – Қазақстанда.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті