Түркістан облысының тумасы Талғарды басына көтерді

Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Талғар аудандық полициясына 18 жастағы бойжеткен мәлімдеді. Айтуынша, ер адам көшедегі көліктерді бүлдірумен қоймай, қыздың өзіне де тап берген, деп хабарлайды Zakon.kz

Көшедегі бейнебақылау камераларының және бойжеткеннің ұялы телефонына түсірілген бейнежазбаларды зерделеген тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні құрықтады.

Бұзақылық дерегіне қатысы бар деген күдікпен 1995 жылы Түркістан облысында туған азамат ұсталды. Іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті азамат тергеу аяқталғанға дейін мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.Талғар ауданы ПБ бастығы полиция полковнигі Джанбулат Зиадин

Алдын ала тергеу барысында ішімдікке сылқия тойып алған күдікті мен көшеде келе жатқан бейтаныс бойжеткен сөзге келіп қалған.

Содан кейін күдікті көше бойындағы бірнеше көліктің үстіне шығып, оларды бүлдіріп, көлік иелеріне материалдық шығын келтірген. Күдікті бұзақылық әрекеттерін ұялы телефонға түсіріп алған бойжеткенді ұрып, дене жарақатын салған.

Қазіргі уақытта күдіктінің әрекетіне қатысты көлік иелерінен де полицияға арыз түсті.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты