Қолайсыз ауа райына байланысты өңірлерде жолдар жабылып жатыр

Сурет: Zakon.kz
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы және Батыс Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (тұман, жолдың нашар көрінуі) 26 желтоқсанда сағат 11:30-дан бастап "Алматы – Өскемен" автожолының 76-161 шақырымында, Қапшағай қаласы мен Сарыөзек кенті арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Батыс Қазақстан облысында бұрқасын салдарынан және 25 желтоқсанда сағат 20:05-тен бастап "Орал – Тасқала – РФ шекарасы", Орал – РФ шекарасы учаскесі автожолының 4-104 шақырымындағы жол учаскесі жабылды.

Сондай-ақ, боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты 26 желтоқсанда сағат 12:10-дан бастап "Подстепное-Федоровка" тас жолының 3-144 шақырымындағы, Подстепное ауылы мен РФ шекарасы арасындағы учаскесінде де автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Орал
Өскемен
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы