Қызылорда облысында жылқы ұрлап, етін сатқан қылмыстық топ құрықталды

Сурет: Zakon.kz
Қызылордалық полицейлер жылқы ұрлап, етін сатқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz порталының ақпараты бойынша, 15 желтоқсан Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны мал ұрлығы бойынша аудандық полиция бөліміне арызданған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, үш бас жылқыны ұрлап, етін Қазалы ауданы мен Төретам кенті, Ақай елді мекенінің тұрғындарына сатқан қылмыстық топ ұсталды.

Олар Қазалы ауданы мен Ақай ауылының тұрғындары болып шықты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігімен (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Қазалы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде бір дана 16-шы калибрлі аңшы мылтығы, ет өнімдері және УАЗ-3163 Patriot автокөлігі тәркіленді.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті