БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін Жерорта теңізі мен Солтүстік-Батыс Африканың теңіз жолы арқылы Еуропаға қатынау кезінде 2,5 мыңнан астам адам қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кеткен.
Тығырыққа тіреліп, әрі қауіпсіз жолдың болмауы салдарынан босқындар мен мигранттар өз өмірлерін контрабандашыларға сеніп тапсыруға мәжбүр. Контрабанданың жолын кесу үшін неғұрлым шешуші әрекеттер қажет. Алдын алуға болатын қайғылы оқиғалардың қайталанып жатуы, өзекті өртейді. БҰҰ-ның Грекиядағы ЖКБ өкілі Мария-Клара Мартин
Алғашқы кеме апаты 21 желтоқсанда Фолегандрос аралында орын алды. Грекия жағалау күзетінің қызметкерлері 13 адамды құтқарып, үш ер адамның денесін судан алып шықты. Аман қалғандардың бірі кеме бортында 50 адамға дейін болуы мүмкін екенін айтты.
Антикитер аралының солтүстігінде тағы бір кеме апатқа ұшырап, 11 адам қайтыс болған.
Үшінші бір кеме Католик Рождествосы қарсаңында Парос аралында суға батты. Ол кезде 17 адам мерт болды, оның ішінде бала да бар.