Түркістан облысында полицейлер Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар қылмыстық топты ұстады

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының полицейлері блокпостта жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, оны ұялы телефон камерасына түсіріп алған үш жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазығұрт АПБ қызметкерлері Алматы-Термез-Ташкент тас жолындағы Ақтас блокпостында Сарыағаш және Келес аудандарының 4 тұрғыны бар "Тойота" маркалы көлігін ұстады. Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тапқан.

Аталған факті СДТБТ-де ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді.

Барлық күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы бойынша барлығы 30 блокпост орнатылды, онда полицейлер мен әскери қызметшілер тәулік бойы азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кезекшілік атқаруда. ТҚК ПД баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Алдымен тамақ, содан кейін кісен: ұсталған жүргізушінің өтініші жұртты күлдірді