Павлодар облысында лаңкестік қауіптің «сары» деңгейі бекітілді

Сурет: Zakon.kz
Лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штаб 10 күнге террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі белгіленгенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб басшысының шешімі бойынша Павлодар облысында 2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап террористік қауіптіліктің "сары " деңгейі белгіленді. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын ұстануды сұраймыз", - деді штабтағылар Pavlodarnews.kz сайтына.

Бұған дейін елордалық лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жедел штаб Нұр-Сұлтан қаласында 14 тәулікке террористік қауіптіліктің "қызғылт сары" - жоғары деңгейі белгілегенін мәлімдеген болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды