LRT ісі: Күдіктілер жауап алуға шақырылды

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан жауап алуға шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ведомство берген ақпар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты «Астананың жаңа көлік жүйесі» LRT, BRT/ITS жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Жиналған дәлелдемелер құқық қорғау органдарына күдікті Сұлтанбековтің әрекеттерін мынандай баптар бойынша анықтауға мүмкіндік берді:

«Талғат Арданның заңсыз әрекеттері 1997 жылғы ҚК-нің 176-бабы, 262-бабы («қызмет бабын пайдалана отырып ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу») және қолданыстағы ҚК-нің 189-бабы бойынша сараланды»,–делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдіктілер қорғаушыны өз бетінше шақыруға не қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі туралы өтініш жасауға құқылы.

Егер қорғаушыны күдіктілер немесе олардың заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді.ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді